Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Хип-Хоп баттл мұрағаты » Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle V


Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle V

Сообщений 1 страница 7 из 7

1

Баттл 2011 жылдың 1 ақпанынан 7 мамырға дейін созылды.

Жүлделер:

1 орын – Альбом шығаруға жәрдем беру (Альбомды шығару шығынын толығымен Лейбл өтейді), сертификат.

2 орын – Альбом шығаруға 50 пайыздық жеңілдік (Альбомды шығару шығынының 50 пайыз құнын Лейбл өтейді), сертификат.

3 орын – Хип-Хоп жинаққа кіру, сертификат.

Баттл құрылымы:

Баттл 7 раундтан тұрады.

1 раунд – Іріктеу раунды. 64 қатысушы келесі раундқа өтеді.

2 раунд – Қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп сайысады. Келесі раундқа 32 қатысушы өтеді.

3 раунд - Қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп сайысады. Келесі раундқа 16 қатысушы өтеді.

4 раунд - Қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп сайысады. Келесі раундқа 8 қатысушы өтеді.

5 раунд - Қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп сайысады. Келесі раундқа 4 қатысушы өтеді.

Жартылай финал - Қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп сайысады. Келесі раундқа 2 қатысушы өтеді.

ФИНАЛ – Қалған 2 қатысушы сайысады.

1 раунд тақырыбы 1 ақпанда беріледі!

Талаптар:

1. Баттлға тек жеке орындаушы ғана қатыса алады.
2. Қатысушы міндетті түрде лейблдің ресми форумында тіркелуі тиіс.
3. Саясатқа араласуға тыйым салынады.
4. Өзгенің ұлттық, жыныстық, діндік, рулық, жүздік және басқа да құндылықтарына қол сұғуға болмайды.
5. Тректер Қазақ тілінде болу шарт.
6. Тректерді уақытында тапсыру қажет.
7. Тректерді қазақстандық файлобменникке (files.gameworld.kz) салып сілтемесін баттлдың арнайы тақырыбына салу қажет.

Баттл талаптарын орындамаған жағдайда қатысушы баттлдан аластатылады.

Әділ Қазылар Алқасы:

Іріктеу раунды:

1. Smitty
2. SarMakham
3. Maximum

Екінші раундтан бастап:

1. Smitty
2. ReeGa
3. Maximum
4. TruMan
5. RipAsco
6. Мигель Prado

Жартылай финалдан бастап:

1. ШYNGYS
2. Damon
3. Smitty
4. ReeGa
5. SarMakham
6. Maximum
7. TruMan

Қазақ Рэпі Мәңгі.... Баба тілін сәнді тілге айналдырайық, достар!

Баттл ұйымтастырушысы: «ASH ҚaZaҚ Pro» Тұңғыш Қазақ Хип-Хоп Лейблы.

Ұйымдастырушылар, яғни біз, көзбояушылықпен айналыспаймыз, бұған өткен баттлдар дәлел...

Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle V қорытындысы:

1 орын – XattaB

2 орын – R.I.D.O.

3 орын – TILEK

Иә, міне азулы МСлердің сайысы – V Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлы өз мәресіне жетті. Көптеген жас дарындардың таланттары ашылды және елдің көзайымдарына айналды. Не дегенмен, сайыстың аты сайыс, өкінішке орай, біреу жеңеді, ал екіншісі жеңіліс табады. Біреуі сана таяздығын көрсетіп «баттл әділетсіз!» деп бай-балам салып жатса, екіншісі нағыз жігіттік түсінікті көрсетіп, жеңілгенін мойындап қарсыласына сәттілік тілеп жатты. Жалпы бұл баттл өте қызу өткені айдан анық...
Енді жеңімпаз жайлы сөз қозғасақ... Хаттаб – бұл жігіт дарынды лирик, сөз байлығы мен орындау мәнері ерекше, яғни сөзі сүйектен өтетін МС. Әнін тыңдағанда тұла бойың тітіркеніп, әрбір сөзі жүрекке тиеді. Сондықтанда бұл МС әділ-қазылар алқасының басым бөлігінің дауыстарына ие болды. Ал оның қарсыласы, R.I.D.O – дарынды МС, классикалық ВуТанг стилінің қазақша баламасының иесі. Мәтін құрылымы ерекше, стандартты емес. Яғни стандарт бойынша ұйқас сөйлем соңында болса, R.I.D.O ұйқасты сөйлем басына немесе ортасына қояды. Алайда қазақ рэпімен ұзақ айналыспағаны әсер етті ме, білмеймін, сөз байлығы ақсап тұрды. Ойын толыққанды жеткізе алмады, ал оның қазақ рэптегі тәжірбиелі қарсыласы Хаттаб айқын басымдылық көрсетті. Үшінші орын есі - TILEK
Хаттаб – Бесінші Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлының жеңімпазы! Қазақ хип-хопының көкжиегінде жаңа жұлдыз жанды! Қолдаңыздар, сынаңыздар, тыңдаңыздар!
Хаттаб, құтты болсын!   

ШYNGYS
5 мамыр, 2011 жыл.

0

2

Хаттабтын тректери керек

0

3

Хаттабтын финал мен полуфиналдагы тректеры унады асиресе финал ерекше асер береды

0

4

1720 жыртады ессе бар1н Хаттабка Курмет

0

5

Жыртты

0

6

Хаттабпен Тілектің трэктерін тауып беріңдерші жамағат!

0

7

Mc FoByA написал(а):

Хаттабтын тректери керек

маганда керек бирак барлыгыники

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Хип-Хоп баттл мұрағаты » Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle V