Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Қазақстандық Рэп » Нұрсұлтан Оразәлі: «ШYNGYS – репрезент атасы»


Нұрсұлтан Оразәлі: «ШYNGYS – репрезент атасы»

Сообщений 1 страница 2 из 2

1

Нұрсұлтан Оразәлі: «ШYNGYS – репрезент атасы»
Тәуелсіз сарапшының кезекті жеке талдауы. Оқыңыздар, дауласыңыздар және ой түйіңіздер.
http://savepic.org/2632767m.jpg

Ассалаумағалейкум, рэп жанашырлары! Мен тағы талдау жасамақпын. Не жайлы талдау жасасам екен деп ойландым. Сол орайда Шыңғыстың «Репрезент халықты жалықтырған жанр...» («Лас Оңтүстік» әні) деген қанатты сөздері есіме түсіп кетті. Қазір шығасыңдар «Шыңғыстың артына кіріп жатыр! Содан басқа МС жоқтай!» деп, бірақ тыңдарман, шынындада мен тәуелсізбін. Жәй қарапайым тыңдарманмын. Тіпті «хоуми, бит» дегендердіде ұға бермеймін. Сонымен, іске кірісейін.
Репрезент деген - менің түсінігім бойынша «менсінбей кеткендерді орнына қою». Енді репрезент жанры қазақ рэпте дамыды ма екен? Сөздің басын Жақаумен бастайын, оның репрезенттері ретінде мен дисстерін алайын. Жақсы жазады, бірақ тым ұзақ және күлкілі қылам деп өзі күлкі болады. Шоқан тез айтады, базар жоқ маған ұнайды. Ал Шыңғысты --- Репрезент Атасы деуге болады. Қандай тақырыптарын айтсам екен? «Инквизиция» - өте жақсы жазылған, хейтерлерге Тайсонның соққысы іспеттес тиді! «Атлантида» - өте жақсы шыққан, бірақ Әсеке кұртқан. Не анау қатын дауыс? Ал Шыңғысқа келсек, өз рөлін жақсы ойнады. Құрметтен басқа айтар сөзім жоқ, бірақ «...Мына әлемді тоңқайтқым келеді бірақ, Менің көтім әлемді қоздырады қаттырақ!...» деген жерде «көтім» деген жерін «артым» десе жақсы шығатын еді. «Оппа-оппа!» - 8 минуттық лонгмикс трек, бірақ орыстілді МСлердің бір тиынға қажеті жоқ еді. «Қара нан» - өте сәтті шыққан репрезенттік лонгмикс трек, кемшілігі жоқ деседе болады, бірақ кім біледі... Одан кейінгі Шыңғыстың және SunQar Sarmat’тың «Қара киімділер» әні. SunQar Sarmat, бетіңе айтамын, қатты өзгердің! Сенің татағыңды кім сорады? Түрің әжім-әжім болып не мынау ажептеуір тректі былықтырып?! Хейтер де адам! Шыңғыстың да біраз жерімен келіспеймін, сонда ол немене қазақтын бар қызын итерген бе? Өте орынсыз әрі мағынасыз менімше. Сонымен қатар SunQar Sarmat’тың Smitty’мен жазған «Макаров» әні. SunQar Sarmat, саған осы трек үшін құрмет! Текстің әдемі, ал Smitty лағып кетті. Шыңғыс пен Smitty’дің «Вагинапластика» әнінде бір жермен ғана келіспеймін. Шыңғыс «...сендер пациентсіңдер...» демей «хейтерлер біздің пациенттер» деуі керек еді. Ары қарай жақсы жазылған. Одан кейін Шыңғыстың «Ленин» трегі. Базар жоқ маған өте ұнады, әсіресе «...Секспен айналысуды үйреткендей әкеңе..» деген жері. Дұрыс айтады, қазақ даласында кім Шыңғыспен текст жазысудан оза алады? Ешкім! Мұнысы орынды, келісемін. Жарайды, айта берсем сөз көп, мен сөзімнің соңында менің талғамым бойынша Шыңғыстың үш ең мықты репрезенттік әндерін тізіп берейін. Олар: «Қазақ Рэпінің Ханы», «Ленин» және «Шариғат». Міне осы тректер хейтерлерді жыртты! Шәкең айтпақшы «хейтерлер, сорыңдар!» Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Қазақ рэпі дами берсін! Кұрмет! «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінен тағыда сапалы репрезенттер күтеміз. Келесі мақалада кездескенше!

Нұрсұлтан Оразәлі арнайы kzwap.net сайты үшін. 20.01.2013

Мақаланың грамматикалық және т.б. қателері түзелді, политкоррексіз деп танылған сөйлемдері өзгертілді және ықшамдалды.

Басқа мақалалар:
Мақала: "Шыңғыс Хан, қазақ рэпін дамыта бер!"
Нұрсұлтан Оразәлі: «Халық Жауы» - қазақтың қасіретінің айнасы.

0

2

Шынгыс нагыз рэпер

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Қазақстандық Рэп » Нұрсұлтан Оразәлі: «ШYNGYS – репрезент атасы»