Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Қазақстандық Рэп » Баймолда Тұрғанбек: «Қазақ рэпін дамытам деп үйленбеген ШYNGYS...»


Баймолда Тұрғанбек: «Қазақ рэпін дамытам деп үйленбеген ШYNGYS...»

Сообщений 1 страница 20 из 25

1

Баймолда Тұрғанбек: «Қазақ рэпін дамытам деп үйленбеген Шыңғыс...»
Тәуелсіз сарапшының жеке талдауы. Оқыңыздар, дауласыңыздар және ой түйіңіздер.
http://cs306301.vk.me/v306301411/2d86/x7WA1VyOwBU.jpg
  Шыңғыс – нағыз Қазақ рэпінің ханы. Оны көбісі көре алмайды, мойындамайды. Бірақ олар жүз пайыз рэп-тындармандардың бес-ақ пайызы. Түсінбеймін, не себептен көре алмайды?! Қазақ рэпінде кімде қанша клип-трек-альбом? Шыңғыста қазір тек өзінің және лейбл МСлерінің альбомдарымен санағанда шамамен 428 трек бар. Ал бөлек, ақшаға бірлесіп орындалған тректерді санасаң 50-100-ге жуық. Бұдан басқа шақыртуларды санасаң 80-100 трек шығады. Сонымен қатар мен естіп, тыңдап үлгермеген әндер қаншама?! Жуырда шығатын альбомы бар. онда 40 трек бар екен. Осының бәрін есептесең 750-ге жуық ән бар-ау... Ал клиптерге келер болсақ Шыңғыстың шақырту-клиптерімен қосып санасаң 150-ге жуық. Альбомдарының санына келер болсақ, Шыңғыстың 15 альбомы бар.
Олар мыналар:
01. «Қазақ Рэпінің Ханы» Альбом. 2008 жыл.
02. «Өлілердің арасынан...» Интернет-релиз. 2009 жыл.
03. «Ешқашан Берілме» [EP] Интернет-релиз. 2009 жыл.
04. «Money In My Mind» Bootleg. 2009 жыл.
05. «UrbanЛирик. The Best Hits» Интернет-релиз. 2010 жыл.
06. «Қош енді, Жаным» Альбом. 2010 жыл.
07. «Қазақ Рэпінің Ханы ІІ. G-Хангер» Альбом. 2011 жыл.
08. «Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы» Альбом. 2011 жыл.
09. «ҚаZаҚStars» ШYNGYS & Damon. Альбом. 2011 жыл.
10. «Сүйікті құлы Алланың» Альбом. 2011 жыл.
11. «ТеңгеMakers» ШYNGYS, Maximum, ReeGa. Альбом. 2012 жыл.
12. «Лас Оңтүстік» Альбом. 2012 жыл.
13. «UrbanЛирик 2: The best hits» 2012 жыл.
14. «ТеңгеMakers 2» ШYNGYS, TruMan, Maximum. 2012 жыл.
15. Альбом «Халық Жауы» [2013]
Жуырда 16-шы альбомы қатарға қосылады, Алла бұйыртса...

«ASH ҚaZаҚ Pro» лейблінің альбомдары "МЕЛОМАН" дүкендерінде сатылады.
Осыдан соң мойындай беріңдер «ASH ҚaZаҚ Pro -Number One!» 5 жылдың ішінде қандай жұмыс, қандай еңбек! Шындыққа келер болсақ Шыңғыс қалжыңбас, ақ көңіл, ақылды, адал рэпер, жүректі! Мақтануға, мақтауға лайықты нағыз рэпер! Көре алмауды қойыңдар! Өзімнің жеке басым «ASH ҚaZаҚ Pro» шығармашылығын 2009-шы жылдан бастап тыңдап қазір фанаты болдым. Шыңғыс жанына нағыз лайықтыларды жинады. Олар: SarMaham, Damon, AliNayMan, JAN, G-Force (Smitty, ReeGa), Maximum, TruMan, MASSADA (T1lek, Rido), SunQar Sarmat, KOSMOS,  5Five, Soolya - міне қандай дарынды МСлерді, нағыздарды жанына жинады!
   Шыңғыстың арқасында қазақ рэпінің мерекесін тойлаймыз. Яғни қазақ рэпінің арнайы күні бар, ол бәріне белгілі - 30 сәуір. Бұл ең алғашқы қазақтілді «Қазақ рэпінің ханы» альбомның тұсауы кесілген күні.
  «Хит Тв», «НТК», «Хабар», облыстық, өңірлік телеарналардан, журнал- газеттерден Шыңғысты көріп біліп жүрміз. Сонымен қатар, Шыңғыс неше түрлі қызықты бағдарламалар  жасап, дайындап жүргені бар. Олар: «Ерден Елге», «Еркін Style» және авторлық «Хан Хикаяты» айдары бар. Аталмыш бағдарламалар өте қызық жәнеде көп мағұлматтарды біле аламыз.
  Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлына келер болсақ.  Жақында ғана Жетінші Ресми баттл аяқталған болатын. Онда 500 астам МСлер өз өнерін көрсетіп, орын алып, көзге түсіп, лейбл қатарына алынып, жүлдесін алып жүр. Қазіргі кезде Бірінші Ресми Топтық баттл басталып болып жатыр. Ол өте қызық өтіп жатыр. Әр баттлда әр түрлі орындаушылар пайда болып қазақ рэпке жаңа дем береді. Осының бәрі кімнің арқасында? Әрине Шыңғыстың...
  Тек қана «ASH ҚaZаҚ Pro» бүкіл Қазақстанды аралап, қала, ауыл, аудандарда концерт беріп жүр.  Бір рет ғана емес, мысалы айта кетсек,  Ұзынағашта 4 концерт,  Шымкентте 4 концерт болыпты. Қазіргі таңда бір қаланың ұйымдастырушылары «ASH ҚaZаҚ Pro» артисттерін «шақырам, концертін ұйымдастырам» деп таласып жатыр екен. Олардың концерттеріне кем дегенде 500 адам жиналады. Үлкен қалаларда тіпті 1000-нан асып жиналады. Зал түгел толады. Барлық-барлық концертте! Қазір лейблде өте көп концерттер болады.

Олар:
13 сәуір - Үшарал
20 сәуір - Жезқазған
27 сәуір - Алматы
28 сәуір - Ұзынағаш
30 сәуір – Түркістан 
1 мамыр - ОҚО, Атакент
1 мамыр - Жетісай
2 мамыр - Ордабасы ауданы, Темірлан
3 мамыр - Бәйдібек ауданы, Шалдар
5 мамыр - Алматы (Y.S.M.G)
11 мамыр - Алматы, Lounge Bar "Karkade", 20:00

Қазақ рэпін осылай тербеп жүрген ешкім жоқ. Тек қана «ASH ҚaZаҚ Pro», броу. Жәнеде әлі өте көп концерт болады. Жоспардың бәрі алда!
   Клиптерге келер болсақ,  қазіргі кезде «Халық жауы» жәнеде басқа да клиптер түсіріліп дайындап жатыр. «ASH ҚaZаҚ Pro» клиптері мағынаға толы. Мысалы: «Адамзат», «КЕК», «Лас Оңтүстік» және тағы-тағы басқалар.
   Қазіргі уақытта Шыңғыс «Ерден Елге», «Хан Хикаяты» айдарларын, альбомын, клиптерін, шақыртуларын, тректерін дайындап жатыр. Форумға және сайтқа да кіріп қарап тұрады. Шыңғыстай рэпер бұл өмірде жоқ! Шыңғыс біз үшін талай еңбектеніп жүр. Шыңғыс қазақ рэпін дамытам деп әлі үйленген жоқ. Енді Алла бұйыртса, Шыңғыс осы мамыр айында үйлену керек. Себебі Шыңғыс әкесіне сөз берді. (Хан Хикаяты, 3 серия) Жігіт екі сөйлемейді. Шыңғыс Ханымыз жасасын! 

ШYNGYS сіздермен байланыста:
Лейблының ресми сайты: wwwashkzpro.kz wwwkzrap.kz
Артисттің ресми сайты: wwwshyngys.kz
ВКонтакте: http://vkontakte.ru/shyngyskhan
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/ashkzpro/
Twitter: http://twitter.com/shyngys
Спрашивай.ру: http://sprashivai.ru/SHYNGYS
Facebook: https://www.facebook.com/ashkzpro
Ұялы телефонының номері: Кешіріңіздер, айта алмаймын.

P.S. Жағымпазданып жатқаным жоқ, мен тек ақиқатты айтым. Көре алмайтындар білсін, көрсін, мойындасын деген мақсатта жаздым бұл мақаланы. Құрметпен, Баймолда Тұрғанбек. 14.04.2013

Мақаланың грамматикалық және т.б. қателері түзелді, политкоррексіз деп танылған сөйлемдері өзгертілді және ықшамдалды.

+4

2

Я озим Шынгысты онша катты жактыра бермесембе, шыныменде концерттер тректер коп истеп журген осылар! Баскалары тыныш, не анда санда истейди.

0

3

Кунделикти естип журген билетин создеримго =)

+1

4

міне нағыз "Ш"патриот... хейтерлардың ауызы ашылып қалған шығар...

0

5

Шынғыс базар жоқ ақиқатты айтты.Тек қана «ASH ҚaZаҚ Pro», жасасын құрмет...

0

6

Ой, біздің ШYNGYS профессионал, универсал ғо)))

0

7

я я шынгыс жане Аш казак жасай берсн)

+1

8

Ia ia osinday enbekti osinday darejeni moyndamai ne steysn baska jaraisn WYNGYS bzr jok i bukil A.K.Proga rizamyn

0

9

Айтканын шындык!кобисинин козы жетты.

0

10

ойбоооооооой 750 трэк ^^

0

11

бари щындык ризамын «ASH ҚaZаҚ Pro» Ға

0

12

Достар мены колдап жатканырын ушын мын алгысымды былдырем

0

13

Make Kz написал(а):

Шынғыс базар жоқ ақиқатты айтты.Тек қана «ASH ҚaZаҚ Pro», жасасын құрмет...

рахмет тек кана аш қазақ проғо

0

14

Ернар Калмырза написал(а):

Баймолда Тұрғанбектің мақаласымен толық келісемін! 5 жылда 750-тей трек шығару, көп адамның қолынан келей бермес...

дұрыс айтасын көбісінің қолынан келе бермит

0

15

750-ден көп ау деймін? Лейблдегі артисттердің альбомдарының фиттерінде Шыңғыспен көп қой

+1

16

Ернар Калмырза написал(а):

Баймолда Тұрғанбектің мақаласымен толық келісемін! 5 жылда 750-тей трек шығару, көп адамның қолынан келей бермес...

750 трек шыкты... но рэп не изменился... стало меньше содержимого...

0

17

Баймолда Тұрғанбек туралы толық ақпарат барма? Мүмкін бул Шынғыстың өзі шгар бірақ, бул сірә шындық Ashkzpro қанаттарын талмасын!!!

-1

18

Mad[WILD WEST] написал(а):

Баймолда Тұрғанбек туралы толық ақпарат барма? Мүмкін бул Шынғыстың өзі шгар бірақ, бул сірә шындық Ashkzpro қанаттарын талмасын!!!

Мен болам Баймолда Тұрғанбек не болт?  сенбесен кіріп кет вк ға: http://vk.com/turgamc

0

19

АЙымға шығар үйленетін))))

0

20

Ержан написал(а):

АЙымға шығар үйленетін))))

Айымнын куйеуи бар

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Қазақстандық Рэп » Баймолда Тұрғанбек: «Қазақ рэпін дамытам деп үйленбеген ШYNGYS...»