Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Релиздер » ШYNGYS «Жеңілген Жауынгер» (2013)


ШYNGYS «Жеңілген Жауынгер» (2013)

Сообщений 1 страница 20 из 55

1

Бұл альбом екі жылдай жазылды. Шығарылатын күні біресе белгіленіп, біресе шегеріліп талай тыңдармандарды қатты күткізіп мезі еткені бар. Уақыт өтіп жатты, 20 шақты тректен құралған альбом 30 тректік альбомға айналды. Кейін әндер саны 40 тректен асып жығылды. Ал ойлар, толғаныстар, шабыт әлі бітпеді... Бірақ барлық нәрсенің шегі бар, сондықтан ШYNGYS’қа тоқтауға тура келді. Альбом жазылымы және өңдеу аяқталып, нәтижесінде қанжығада 46 трек болды. Алайда төрт трек альбом концепциясымен үйлеспегендіктен қосылмады.

http://ashkzpro.kz/media/k2/items/cache/c987a1b31fd3f1f08322280ca0954f48_L.jpg
http://savepic.org/4761147m.jpg
«Осы альбомды жазып жатып мен бір уақытта «Сүйікті құлы Алланың», «ТеңгеMakers», «Лас Оңтүстік», «ТеңгеMakers II», «Халық Жауы» альбомдарын жазып тастаған болатынмын. Қазір қарап отырып өзімнің мұншалықты еңбекқорлығыма, шабытыма таңғала тамсанып отырмын. Расында мен өз ісімнің адал фанатымын. Рэп менің есірткім, психотерапевтым, демалысым... Күйзелсем де, қуансам да, жыласам да, бұзылсам да, бәрі-бәрі менің рэпімде. Менің рэпім – менің өмірімнің айнасы. Менің шығармашылығымды бұрыннан бақылаған тыңдарман, осы альбомды тыңдаған соң менің түсініктерімнің, санамның түбегейлі өзгергенін байқайды. Мен де өзімді өз рэпімнен таныдым. Альбом аяқталды, тректердің бәрін плееріме тастап бір күн бойы тыңдадым. Көңілім толды ма, толмады ма... түсініксіз... Альбомда өмірлік философиялық ойлар тым көп, ал рэпті тыңдайтындардың көпшілігі бала-шаға, сондықтан альбомды ұғыну оларға қиын. Негізі ұғуға жеңіл әндер жаза алатыным анық, алайда мендей қырсық адам тыңдарманның талабына иілмейді, керісінше тыңдарманға талап қояды. Сондықтан ұнаса да, ұнамаса да жасағаным осы... «Көп сөз – боқ сөз» демекші, бұл альбомда 46 трек болуы тиіс еді. Төрт трек эстрадамыздың майталман азаматтарымен дайындалған болатын. Алайда ойлана келе төрт тректі қоспауды жөн көрдім. Бұл төрт трекке өте көп күш жұмсалған еді... Мүмкін бұл тректер көп әннің арасынан көрінбей қалар деп қорыққан болармын... әзірге менің жеке мұрағатымда жата берсін олар. «Жеңілген Жауынгер» үлкен альбомы - осы уақытқа дейінгі сендер білген ШYNGYS’тың шығармашылығының үлкен нүктесі... Ал, енді альбомды жүктеңдер! Тиісті бағаларыңды беріңдер! Күтемін, достар! Қош... »  Құрметпен, Шыңғыс «ШYNGYS» Әлкеев.  07.12.2013.

Треклист:
01. Антидепрессант
02. Әлкеев Шыңғыс Нартайұлы 
03. Жасанды жүрек 
04. Алматы 
05. Олдскул 
06. Ғаламшарды тербетем 
07. Жауын 
08. Қара жорға 
09. Мама 
10. Руымыз бөлек болсада 
11. Сырласым [feat. Айым Қоғамова] 
12. О, май GOD! 
13. Тез жалығайын сенен 
14. Монополия 
15. Қаза болсаң...
16. Сұрақтар 
17. Не білесің мен жайлы? 
18. 1001 түн 
19. Голгофа 
20. Қияли қояншық 
21. Қош енді, жаным II [feat. Maximum] 
22. Меланхолик
23. Ғажайып 
24. Қанатым жоқ 
25. Өткеніңе өкінбе 
26. Махаббатсыз махаббат 
27. Күн деп аталған жұлдыз 
28. Өртеймін 
29. Джентельмен 
30. О дүние 
31. Керемет күн 
32. Қасірет 
33. Асталависта, бэйба 
34. Қылмыскер 
35. Періштенің көз жасы
36. Назерке 
37. Венеция 
38. Шәке [feat. Айым Қоғамова] 
39. Мәңгілік үнсіздік 
40. Соңғы вальс   
41. Жеңілген Жауынгер   
42. Соңғы трек


Альбомды толығымен жүктеу:
http://yadi.sk/d/stsRArPXDuVjs

Авторлар:
Сөзі: 1-42 - Әлкеев «ШYNGYS» Шыңғыс; 21 – Төлеуғазинов «Maximum» Мақсат;
Музыка: 1, 26 - Kajmirbeats; 2, 17, 40 – Chemist; 3, 11, 32, 15 – TheUnbeatables; 4, 10 – Highlife beats; 5 – Ratobeat; 6, 18. 25, 30, 38, 39, 41 – JDBeats; 7, 20, 37 – Adamack; 8, 21, 31 – Platinum Sellers; 9, 16 – Fly Life; 12 – RedHood Productionz; 13 – Sinima; 14 – Monstah;  19 – AudioStarzent; 22 – Sakix; 23 – Shaghiebeatz; 24 – Sindustry; 27 – TheThird Productions; 29 – Gmoney; 33 – Hygrade; 34 – Hala-X; 35 – HeatUp Beats; 36 – Rapitfly Beats; 41 - DiamondStyle; 42 – Osym Beats & Beats4real;

ШYNGYS ғаламторда:
Твиттер: https://twitter.com/Shyngys
Вконтакте: http://vkontakte.ru/shyngyskhan
Facebook: http://www.facebook.com/ashkzpro
Спрашивай.ру: http://sprashivai.ru/SHYNGYS
Мой Мир: http://my.mail.ru/mail/ashkzpro/

Концерт, букинг, пресса:
+ 7 775 646 7206
+ 7 701 367 8472
Почта: ashkz@rambler.ru

0

2

Обложкадагы сурет жаксы екен

0

3

40 трэек ебааааа))))

0

4

TARAZ RAP написал(а):

40 трэек ебааааа))))

42

0

5

DaMuR написал(а):

Обложкадагы сурет жаксы екен

Иә, өзі ғой дим аумайды ғо. Сонда бұл жинақ Шыңғыс өзінің жеңілгенін мойындауы ма? Ризамын! Мойындаудың өзі ерлік.

0

6

3PS написал(а):

DaMuR написал(а):

    Обложкадагы сурет жаксы екен

Иә, өзі ғой дим аумайды ғо. Сонда бұл жинақ Шыңғыс өзінің жеңілгенін мойындауы ма? Ризамын! Мойындаудың өзі ерлік.

Егер сен ақылды, білімді адам болғаныңда мұндай ой басыңда пайда болмас еді. Альбом атауы - метафоралық мағынада, сосын рэпке еш қатысы жоқ. Альбомды тыңда, сонда ғана альбом атауының мәнін ұғасың!

0

7

Чина жасап жатыр! Құрмет.

0

8

базар нет)

0

9

Ақыры көптен, көп күттірген альбомда шықтау ақыры. Құтты болсын!!! Осылай жасай беріндер!!! Енді АйдахарFlow-дың шығуын күтемін!!! 

-1

10

Шыңғыс осыдан бір жыл бұрын "үлкен альбом желтоқсанда" деген еді, бірақ қай жылы шығарын айтпады...
Иә расында да желтоқсан айында жарық көрді альбом! Құрмен Шыңғыс, уәдеде тұрдың)) Альбом құтты болсын!

0

11

3PS написал(а):

Иә, өзі ғой дим аумайды ғо. Сонда бұл жинақ Шыңғыс өзінің жеңілгенін мойындауы ма? Ризамын! Мойындаудың өзі ерлік.

Озигой суретшинин аты жазылып турго

0

12

SarMakham написал(а):

Егер сен ақылды, білімді адам болғаныңда мұндай ой басыңда пайда болмас еді. Альбом атауы - метафоралық мағынада, сосын рэпке еш қатысы жоқ. Альбомды тыңда, сонда ғана альбом атауының мәнін ұғасың!

Мүмкін сенікі дұрыс та шығар, мен сияқты қаралар сендердің ойларыңның астарын қайдан түсінсін.

0

13

DaMuR написал(а):

Озигой суретшинин аты жазылып турго

Иә, көрдім.

0

14

kurmet

0

15

Не үшін тек Макспен және Айыммен ғана фит жасады екен?! При том Макспен бірге жазылган 1 ғана трек.

0

16

Жаксы шыккан альбом жуктеймiз!

0

17

trekterdi bolek-bolek jukteu kilindar da...jane albom kutti bolsn

0

18

Шынгыс Рэпті қойасыңба ? админ  жаза салш

0

19

Альбом кутты болсын! жаксы Альбом курмет)

0

20

Альбом құтты болсын, Шәке! Жақсы болды ғо... Альбомды толығымен тыңдап алайын, бағасын бере жатармын...

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Релиздер » ШYNGYS «Жеңілген Жауынгер» (2013)