"Халық сөзі" газеті, ШYNGYS "РЭПКЕ БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖАРАСАДЫ" (10.06.2011)
Шыңғыс, рэпер:
– Креативті өнер жәрмеңкесіне шақырылыпсыз. Сірә, сондай өнердің өкілі болғандықтан шығар. Өзіңіз креативтілік дегенді қалай түсінесіз?
– Шынымды айтсам, бұл сөздің шын мағынасын осы жерге келіп, Нұрлан Төрехановтың «Джокондасын» көргенде бір-ақ түсіндім.
– Батыстан не келсе де, зиянды деген стереотип бар. Ал рэптен біз қандай пайда көреміз?
– Уақыт сұранысынан қашып құтыла алмаймыз. Ең бастысы тіл деп білем. Тіл сақталса, ел де сақталады. Сондықтан рэп қазақ тілінің тұмары болса деймін.
Сұхбатты толық оқу: http://halyksozi.kz/news/view/id/512