Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Хип-Хоп баттл мұрағаты » Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle IV


Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle IV

Сообщений 1 страница 6 из 6

1

http://savepic.org/363079.jpg

Пресс-релиз

Құрметті Хип-Хоп сүйер қауым, міне көптен күткен IV Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлы басталды! Бұл баттл өткен баттлдардан мүлдем басқаша болмақ.

IV Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлында енді бәрі басқаша, бәрі енді жаңарды! Яғни жаңа Логотип, жаңа Ұран, жаңа Жүйе және жаңа Деңгей!

Енді әрбір жаңалыққа жекелей тоқталсақ...

Жаңа Логотип - Қанатты Жұдырық! Жұдырық бұл күрестің символы, оның түсі Күннің шығысын білдіреді, яғни мағынасы Казақ Рэпі Күндей шығып, көкке өрлейді деген сөз.

Ал қанат, нақтырақ айтқанда көгершіннің қанаты - бұл бейбітшіліктің символы. Оның Аспан түсті түсі де - бейбітшіліктің символы. Яғни жалпы Логотиптің мағынасы - Бейбіт Күрес, яғни білек қуатын емес, сөз қуатын көрсету.

Жаңа Ұран - "Біздің Жігіттер!" Сенің ұлтың, дінің және басқа тұстарың бізге маңызды емес, егер сен біздің жігіт болсаң, сен осы баттлға қатысуға міндеттісің!

Жаңа Жүйе - Бұл дегеніміз жаңа көзқарас, тәжірбиелі Әділ-қазылар алқасы және Халықаралық стандарттарға сай жаңа бағалау жүйесі.

Жаңа Деңгей - Достар, енді тек интернет көлемінде өтетін баттлдардың заманы өтті. Біз келесі деңгейге өттік! Бұл не? Бұл дегеніміз баттл барысын тек интернет қолданушылары ғана емес, сонымен қатар Республикалық телеарналар, басылымдар қадағалайтын болады. Яғни бұл Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлының беделі өсіп, мойындалып және де ауқымы ұлғайды деген сөз.

Енді жеңімпаздар тек интернет-құттықтауға ғана ие болмай, сонымен қатар жүлделерден бөлек естелік ретінде Сертификатқа ие болады.

Ұйымдастырушы: "ASH ҚaZaҚ Pro" Тұңғыш Қазақ Хип-Хоп Лэйблы.

Продюсерлер: Ерболат "Yerbolat" Құдайберген, Әлкеев "ШYNGYS" Шыңғыс, Махамбетов "SarMakham" Бауыржан.

Ақпараттық қолдаушылар: Республикалық "Япырай" журналы, wwwstreetlife.kz - Бірінші Хип-Хоп және R'n'B порталы, wwwmusicland.kz - Музыкалық торрент-трекеры және "Fresh2Def" Hip-Hop және R'n'B дүкені.

Ұйымдастырушылар, яғни біз көзбояушылықпен айналыспаймыз, бұған өткен баттлдар дәлел...

Егер сен Біздің Жігіт болсаң, және де шабытың бойыңа сыймай бара жатса, кел, қатыс! Өнеріңді әмбеге паш ет! Саған әрқашанда есік ашық!

Қазақ Рэпі Мәңгі.... Баба тілін сәнді тілге айналдырайық, достар!

Баттл регламенты:

Құрметті орындаушылар, IV Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлының жалпы жағдайымен және ережелерімен таныс болыңыздар.

ЕРЕЖЕЛЕР мен ТАЛАПТАР:

Баттлға тек қана жеке МС қатыса алады.

Орындаушылар өзгенің ар-намысына, жынысына және ұлттық-діни құндылықтарына қол сұқпауы тиіс. Баттл трэктері политкорректті болуы шарт.

Баттл тек қазақ тілінде жүреді.

Баттлға жігіттер ғана емес, әсем аруларымызда қатыса алады.

Трэктердің атауын тек латын (ағылшын) әріптерімен толтыру керек. Бұл талапты орындамағандардың трэктері қабылданбайды.

Трэктерді тек қана wwwfiles.gameworld.kz немесе wwwdump.ru файлобменниктеріне салу керек. Сосын трэктің сілтемесін (ссылка) qazaqbattle@nur.kz поштасына жіберу керек.

Бұл талапты орындамағандардың трэктері қабылданбайды.

МЕРЗІМ:

Баттл Қараша айының 1-не басталады.

Баттл екі айдай уақытқа созылады.

БАТТЛ ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

I-ші кезең:
Іріктеу туры - "Өтті-өтпеді" принципі бойынша бағаланады.
Іріктеу туры - 2 раундтан тұрады.

Келесі кезеңге 16 адам өтеді.
ІІ-ші кезең, яғни Негізігі бөлім:

Жекпе-жек - Ұйымдастырушылардың талғамы бойынша жұптар тағайындалады және ұпайлық жүйе қолданылады.

ІІ-ші кезең 4 раундтан тұрады, яғни 3,4 раунд және жартылай финал мен финалдан тұрады.

ЖҮЛДЕЛЕР:
1 орын: Жеке альбом шығаруға продюсерлік ету және хип-хоп жинаққа қатысу. Сертификат, Республикалық "Япырай" журналында мақала. Лэйбл шығарған өнімдерінің бірін сыйға тарту.

2 орын: Хип-хоп жинаққа қатысу. Сертификат. Лэйбл шығарған өнімдерінің бірін сыйға тарту.

ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:
Іріктеу коммисиясы [1,2 раундтар]:
1. SarMakham
2. Damon
3. Smitty [G-Force]
4. ReeGa [G-Force]

Негізгі Бөлім [3,4 раунд, Жартылай финал, Финал]:
1. YERBOLAT [4-ші раундтан бастап]
2. ШYNGYS
3. Domalak a.k.a Biko [III Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлының Жеңімпазы]
4. SarMakham
5. Ali NayMan

"Хит ТВ" телеарнасы IV Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлы жайлы:

25.02.2010. IV Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлы өз мәресіне жетті.

Әділ Қазылар алқасы және "ASH ҚаZаҚ Pro" Лэйблының әкімшілігі Төртінші Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлының Жеңімпазы ESKO-ны шын жүректен құттықтайды!

1-орын: ESKO
2-орын: Zhako

0

2

Бәрінен қызықты өткен осы IV Баттл !

0

3

Бул баттл кимде кушти эффекттер болды соныкы болды

0

4

М

0

5

тректерди кайдан табуга болады :huh:

0

6

PanDA написал(а):

тректерди кайдан табуга болады

соны айтам кайдан

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Хип-Хоп баттл мұрағаты » Ресми ҚaZaҚ Hip-Hop Battle IV