Нұрсұлтан Оразәлі: «Халық Жауы» - қазақтың қасіретінің айнасы.
Тәуелсіз сарапшының жеке талдауы. Оқыңыздар, дауласыңыздар және ой түйіңіздер.
Ассалаумағалейкум, рэпсүйер қауым! Бүгін таңертең тұрып, тамақтанған соң сүйікті лейблімнің сайтына кірсем керемет жаңа альбом шығыпты! Бейнебір қолым жетпей жүргем сүйікті аруым «иә» дегендей куандым! Сонымен жүктеуге кірістім компта интернет өшірулі, сондықтан соткамен жүктей бастадым. Ең көзіме оттай басылғаны «Халық Жауы» трегі! Жүктедім, тыңдадым, енді ойыммен бөлісейін.
Текст сапалы жазылған. Бірінші Нұрекеңнің сөзімен бастағаны құба құп. Біраз статистиканы біліп алдық, қазақтардың 4 миллионы қазақша білмейтінін білдік. Ал Шыңғыс қосылып бастап кетті. Хммм, «қазақ баласына орыс рэпі бағынбайды...» дегеніме келісем, сен қанша рет орысша рэпті орыстардан жақсы айт, мазақтан басқа ештеңе таппайсың. Ал барған қалаларына келсек, расында «далаға» айналып кетпеседе шайқалып қалатыны анық. «Тілімнің тұмарына айналдырдым қазақ рэпін...» бұл сөздер әлі ерте айтылған сияқты, себебі қазір жасы үлкендер рэп тыңдамайды. Олардың ойы «мұның бәрі жын-ойнақ». Путин, Обама рэп тыңдайды екен. «Неге?» деп сұрай қалсаңыз жауабым: жастардың бәрі рэп тыңдайды. Айтар ойым, рэпті үлкендер тыңдау үшін эстрадамен бірігу керек. Шыңғыс Ерболатпен, Сәкен Майғазиевпен, Алмас Кішкенбаевпен, Ерлан Орынбасаровпен және т.б. айтты, бірақ бұл аздық етеді. Одан кейін «Алтыншы Арыс болам, Елім үшін атылам, Атанып Халық жауы тарихта мәңгі қалам...» дейді. Тамаша ұйқасқан үш сөйлем! Иә, қазақтың Бес Арысы барын білеміз тарихтан. Осы орайда айтқым келгені, егер қазақ үшін өлсе, неге «Арыс» атағын бермеске? «Білемін қаза табам қандасымның қолынан...» дейді, өте орынды. Атам заманнан бері қазақтар бір-бірін өлтіріп, бір-біріне қиянат жасап, кейде тіпті ата жаулармен бас қосып көршілес жүзге, я болмаса руға қастандық жасаған. Шала қазақтар, мәңгүрттер – ұлт қасіреті. Қазақтың жауы орыстар емес, өзінің қандастары – қазақтар болған. Мұның айқын дәлелі Кіші Қазан төңкерісі және бай кулактарды кәмпескелеу. Осы тұста қазақтар руды, жүзды қойып «бай және кедейлер» деп бөлінді емес пе? Кедей қазақтар бай қазақтардың мал-мүлкін талан-тараж етіп орыс қожайындарға берді, нәтижесінде өздеріде аштан қырылды. Айналайын, өзбектерге қарайық! Мүмкін күлерсіңдер, бірақ оларда біздікі секілді тіл проблемасы жоқ. Орыс тілін мүлдем қолданбайды. Таңқаламын. Ал бізде ше? Орысша білмеу ұят! Осыға қатты ішім ашып кетеді! Бір күні әдейі дүкенге барып орыс қатынға қазақша «нан бер» дедім. Ол түсінді, нанымды берді. Мұнымен мен не демекшімін? Әңгіме өзімізде, кез келген жерде қазақша сөйле, автобуста, көшеде, үйде. Сонда ғана сен тіліміздің дамуына үлес қосасың. Жарайсың Шыңғыс! Бірақ минус көңілімнен шықпады, бұл менің жеке пікірім, бірақ кім біледі... Қайырмасын үш реттен қайталай бергені орынсыз менімше. Ал былайынша трек өте жақсы. Маған ұнады. Алға, Шыңғыс Хан!
Нұрсұлтан Оразәлі арнайы kzwap.net сайты үшін. 19.01.2013
Мақаланың грамматикалық және т.б. қателері түзелді, политкоррексіз деп танылған сөйлемдері өзгертілді және ықшамдалды.
ШYNGYS «Халық Жауы» (2013)
Басқа мақалалар:
Мақала: "Шыңғыс Хан, қазақ рэпін дамыта бер!"