.Нұрсұлтан Оразәлі: Бірінші «ТеңгеMakers» альбомын талдау.
Тәуелсіз сарапшының кезекті жаңа талдауы. Оқыңыздар, дауласыңыздар және ой түйіңіздер.
Сәлем! Бүгін мен дүйім жұрттың көңілінен шыққан бірінші «ТеңгеMakers» альбомы жайлы айтпақшымын.
Бірінші «ТеңгеMakers» альбомын жазған: Шыңғыс Хан, «Айдаһар» ReeGa және баттл-рэпер Махimum. Әрине, «тойдың болғаннан боладысы қызық» демекші, бәріміз құда күткендей альбомды күттік. Ресми сайтқа хаттар толассыз ағылып жатты! Міне сөйтіп жүрген кезде альбом да шықты! Ноутбукпен тарта бастадым, 2 сағат тартты, үлкен екен әжептеуір. Бірден архивтен шығарып қарасам Шыңғыстар коньяк пен 5000 теңгелік купюралар арасында олай да, былай да суретке түсіпті. Керемет, бірақ шоколад пен гүл және ақ феррари жетіспей ме, қалай?... Жарайды, бұл менің ойым. Тректерді тыңдай бастадым. Көзіме жылы тигені кірген бетте «Айгүл» әні болды. «Қайсысы Айгүлге ғашық болды екен?» деп қостым. Сөйтсем өлеңнің мағынасы басқа жақта екен! Ішек-сілем қатты-ау! Әсіресе Шыңғыстың «...кешір Айгүл, барып келейін дәретханаға...» дегені. Одан кейін «Неге?» трегін тыңдадым, үш МС де өте жақсы жазған. Кезек «Нива, Москвич, Волга» әніне келді, минусы тамаша екен, бірақ ReeGa’ның тексті онша емес, Махimum супер болды. «Жібер» трегі маған аса ұнай қойған жок, альбомдағы ең жаман трек дер едім. «О, ғажап! Мыналар елін оятып ауызбіршілікке шақырмақшы ма?» «Оян, Қазақ!» әнін тыңдамай тұрып осындай ойда болғам. Тыңдадым. Білмеймін, біртүрлі болып қалдым. Осы альбомдағы ең суйікті трегім - «Алматы өртенуде...». Жұмыс үстелімде әлі тұр. Минусы, тексті, биті, бәрі орнында, өте тамаша шыққан. «Ханшайым» мен «Алып қашамын» әндеріндегі оқиғалар менің өміріме ұқсас екен. «...Қалың малым дайын, Боламын сенің байың. Әкең қарсы болса мен оны қадаймын...» хех, мен де бір қызға дәл осы ұйқаста болмасада осы мағынадағы сөздерді айтқанмын. Жалпы «ТеңгеMakers» сөзі «Теңгежасаушылар» деген мағынаны береді. Альбом атауы өте жақсы қойылған! Жақсы қойылмағанда ше?! Шыңғыспен бір фит құны – 50000 теңге. Шымкент жақтың бір қалың малы ғой! Бір концерт гоноррары кем дегенде 250 мың теңге - 5 қатынның ақшасы! Бірақ әлі бойдақтар.Түсінбеймін. Айтпақшы, Шыңғыстың маған ерекше әсер еткен сөйлемі «Шыңғыс - ол ғарыштағы астеройд, Жолындағы планеталарды келе жатқан жойып!...» Иә, Шыңғыс қазір сенің дәуірің! Альбомды сатып алдым, сапалы жақсы екен. Мені қанағаттандырды, бес деген баға қоямын, бірақ минуспен. Себебі «Оян, Қазақ!» әні бәрін құртты. Бұл альбомда Шыңғыс өзінің рухани бай екенін көрсетті, Махimum лирика жаза алатынын дәлелдеді, ал ReeGa ұлты ұйғыр болсада қазақ рэпін сүйетіндігін көрсетті. Бірауыз сөзбен бірінші «ТеңгеMakers» альбомы Қазақ хип-хопын жаңа бір сатыға көтерді. Осындай альбом көптеп жазылуын қалаймын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Қазақ рэпі дами берсін! Келесі мақалада кездескенше!
Нұрсұлтан Оразәлі арнайы kzwap.net сайты үшін. 21.01.2013
Мақаланың грамматикалық және т.б. қателері түзелді, политкоррексіз деп танылған сөйлемдері өзгертілді және ықшамдалды.
Басқа мақалалар:
Мақала: "Шыңғыс Хан, қазақ рэпін дамыта бер!"
Нұрсұлтан Оразәлі: «Халық Жауы» - қазақтың қасіретінің айнасы.
Нұрсұлтан Оразәлі: «ШYNGYS – репрезент атасы»