1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.
2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.
3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.
4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.
5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.
6. Ыстық су салқын судан ауыр.
7. Кавказда қарбызды тұздайды.
8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.
9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.
10. Қыста ағаш өспейді.
11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар.
12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.
13. Швейцарияда орден-медальдар жоқ.
14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.
15. Ұлыбританияда конституция жоқ.
16. Ең суық астана – Улан-Батор.
17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.
18. Рим атты қала барлық континентте бар.
19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.
20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Еуропа.
21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.
22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.
23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.
24. Вашингтонда адамнан телефон көп.
25. Малайзияда жол полициясы жоқ.
Отредактировано Czar (01.05.2013 20:51:35)