Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Флуд » СЕН МҰНЫ БІЛЕСІҢ БЕ? (2-бөлім)


СЕН МҰНЫ БІЛЕСІҢ БЕ? (2-бөлім)

Сообщений 1 страница 4 из 4

1

1. Адам күніне орта есеппен 13 рет кү­летін көрінеді.
2. Әтеш алдымен мойнын созбай ша­қы­ра алмайды екен.
3. Егер тіліңіздің түсі күлгін болса, ол «таза» деген сөз, ағарып тұрса, бак­терия қабаты түзілгендігінің белгісі.
4. Қыздарға құлаққағыс - пияз ту­рау барысында көз ашымас үшін сағыз шай­наған жөн екен.
5. Ең алғаш «SOS» дабылы әйгілі «Ти­та­ник» кемесінде қолданылыпты.
6. Жағымды затты көргенде адам­ның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғая­ды екен.
7. Бал асқазанда неге тез қоры­тыла­ды? Өйткені оны аралар қорытып үл­герген.
8. Адам түшкірген сайын мидағы жа­су­шалардың бөлігі азая түседі.
9. Әйгілі Харлей Девидсон мото­циклі 1903 жылы құрастырылып, оның кар­бюраторы томат банкісінен жа­салыныпты.
10. Адамның сол жақ өкпесі оң жақ­тағымен салыстырғанда кішірек келеді. Соның арқасында жүрекке орын тиеді екен.
11. Атышулы «Титаник» кемесін құ­рас­тыруға 7 миллион АҚШ доллары кет­кен екен. Ал ол туралы фильмді тү­сіру­ге 200 миллион АҚШ доллары жұм­са­лыпты.
12. Адамның тырнағы мен шашы өл­ген­нен кейін де өседі екен.
13. Тек екі жануар ғана мойын бұр­май-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс.
14. Ой еңбегімен көп шұғыл­дана­тын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы көбірек болады екен.
15. Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді.
16. Ал ұзын кенгуру бір секіргенде он метрді артқа тастайтын көрінеді.
17. Қазіргі кезде өзіміз қолданып жүр­ген қаламсап 1945 жылдан бастап сау­даға түсіпті. Сол кезде оның құны - 12 АҚШ долларына тең келіпті.
18. Жақсы қаламсаппен 50 мың сөз­ге дейін жазуға болады екен.
19. Америкалық Джон Уинтроп 1630 жылдың 25 маусымында, түскі астың ке­зінде тұңғыш рет шанышқыны пай­да­ланыпты.
20. Ең алғашқы граммофон плас­тин­касына Лайош Кошутаның дауысы жа­зылыпты. Бұл оқиға 1890 жылы тір­келген.
21. Напалеонның шәй кеселерінің бі­рі атақты италиялық содыр Калиос­т­ро­ның бас сүйегінен жасалыныпты.
22. «Роллс-Ройс» көлігінің бампе­рін­дегі мү­сін­шенің құны 5000 АҚШ дол­ларына тең екен.
23. Британияның империялық тә­жін­­де тура 1783 жақұт бар екен, ал оның ішіндегі ең әйгілісі - «Африка Жұл­дызының» салмағы 309 каратты құ­рай­ды.
24. Джон Кеннедидің тербеліп тұра­тын креслосы аукцион арқылы 442 мың АҚШ долларына сатылыпты.
25. Ежелгі Қытайда балалары ата-ана­сының туған күніне табыт сыйлаған екен. Бұл ең күшті сыйлық саналып­ты.
26. Ал Персияда жас жұбайлар­дың тойына міндетті түрде шахмат сыйлау дәстүрі болған екен.
27. Қытайдың кейбір жазу машин­ка­ларында 5700 белгі бар. Оның кла­виа­турасының ені бір метрге жуық­тай­ды, сол себепті ең шебер деген қаріп теру­шінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.
28. 1 долларлық купюрадан тұратын 1 миллион доллардың салмағы шамамен 1 тоннаға тең. Ал оны бір-бірінің үстіне жина­са, биіктігі 100 метрге жуықтай­ды.
29. Бір текшеметр ағаштан жарты мил­лион тіс шұқығыш жасауға бола­ды.
30. Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.
31. Қолтырауындар судың түбіне те­реңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.
32.Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
33. Бактериялардың бір пайызы ға­на ауру әкеледі.
34. Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
25. Елікті аңшыларға қарағанда, кө­лік жүргізушілері көп өлтіреді екен.
26. Африка пілі әлі күнге дейін қол­ға үйретілмей келеді. Тек Үндістандағы піл­дер ғана адамның ырқына бағын­ған.
27. Егеуқұйрық бес қабатты үйдің тө­бесінен құласа да аман қалады екен.
28. Түйеге қарағанда, керік шөлге шы­дамды келеді.
29. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
30. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
31. Акула - бір мезгілде екі көзін бір­дей жұма алатын жалғыз балық. Ол сон­дай-ақ судың 100 миллион бө­лі­гін­де­гі қанның иісін сезе біледі екен.
32. Ит онға жуық, мысық жүзден ас­там дыбыс түрін шығара алады.
33. Дельфиндер бір көзін ашып ұйық­тайды.
34. Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
35. Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет - Андорра.
36. Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.
37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер ар­қасымен, күнәһарлар - ішімен, пат­шалар - оң жағымен, данышпандар - сол жағымен жатқан.
38. Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен.
39. 100 жасқа дейін жеткен әр бес адам­ның төртеуі әйелдер.
40. Әр секунд сайын жердің бетінде 200-ден астам найзағай жарқыл­дай­ды.
41. Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан ас­там Ивановтар әулеті бар.
42. Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы де­малады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, пор­тугалдардың еңбек демалысы 36 күн­ге созылады.
43. Гонконг тұрғындарының 64 пайы­зы дінге еш қызықпайды екен. Ал Че­хия халқының 55 пайызы, оңтүс­тік­ко­реялықтардың 46 пайызы атеистер кө­рі­неді. Дінге құлай берілу жөнінен Ба­тыс Африка тұрғындарына тең келер еш­кім жоқ. Олардың 99 пайызы дінге се­неді екен.
44. БҰҰ келтірген деректерге сен­сек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
45. Әлем бойынша, күніне 4,5 мил­лиард тонна бензин жағылады.
46. Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.
47. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.
48. Грекияда дүйсенбі күні аң аулауға тыйым салынған.
49. Португалияда күн райы қолайсыз бол­са, жұмысқа шықпай-ақ қоюға рұқ­сат.
50. Швецияда ит асыраушылар өз се­рігінің бойының ұзын-қысқалығына қарай салық төлейді.
51. Вашингтонның мэрі - АҚШ пре­зиденті.
52. 1603 жылы Жапонияда импе­ра­тор бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні бо­лып белгіленді.
53. Науру - ресми астанасы жоқ әлем­­дегі жалғыз мемлекет.
54. Ресей мемлекетінің ең бірінші ас­та­насы - Ладога.
55. 1979 жылдың 18 ақпанында Аф­ри­кадағы Сахара шөлінде қар жауып­ты.
56. Куба - Кариб аралдары елдерінің ішіндегі темір жолы бар жалғыз ел.
57. Егер Жер өз осінен кері айналған бол­са, онда жылдың тәулігі екі есеге азаяр еді.
58. Сағатына 60 мильдік жылдам­дық­пен жүретін автокөлікке бізге ең жа­қын орналасқан планеталардың бі­рі­не жету үшін 48 миллион жыл қажет екен.
59. Соңғы 500 жылда ғарыштық зат­тардың қалдықтары себебінен Жердің сал­мағы миллиард тоннаға ауырлаған.

+1

2

Жақсы мәлiмет...

0

3

Make Kz написал(а):

Жақсы мәлiмет...

Рахмет! +1

0

4

Jaksi eken

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Флуд » СЕН МҰНЫ БІЛЕСІҢ БЕ? (2-бөлім)