Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Флуд » Ай


Ай

Сообщений 1 страница 6 из 6

1

Адамзаттың қиял-ғажайып ертегі-аңыздарда айтыла беретін жетістіктерге қол жеткізуі, мұхит асына сүңгіп, жеті қат көкке самғауы - бәрі-бәрі ХХ ғасыр жетістігі. Оны ешкім жоққа шығара алмасы хақ. «Америкалықтар Айға ұшқаны рас. Ғарышты зерттеуге арналған «Аполлон» бағдарламасы болғаны да рас. Бірақ Армстронг бастаған ғарышкерлер 1969 жылдың 20 шілдесінде Айға қона алған жоқ. Дүние-жаһанға тараған суреттермен, телеарнада берілген оқиғалар тізбегі Айда емес, Жерде, онда Голливудта жасалған» деген дәйекті алға тартады. Неге? 1969 жылы 20 шілдеде «Аполлон-1» ғарыш кемесі Айға қонды. Адамзаттың тарихында ерекше орын алатын ұлы оқи­ғаны әлемнің жарты миллиард халқы теледидар алдында отырып көрді. Кеме сатысы арқылы төмен түсіп, Айдың бетіне алғаш қадам басқан ғарышкер Нил Олден Армстронг еді. Одан кейін Айдың бетіне қадам басқан - экипаждың екінші мүшесі Эдвин Альдрин. Ал үшінші ғарышкер Майкл Коллинз кемеде қалды. Айдың бетіне АҚШ туын қадап, лунаходпен шарлап, 22 келі топырақ алған олар кері оралды... Дәл осы көріністер кейіннен кейбір ғалым-оқымыстылар тарапынан сынға ұшырады. «Мұның бәрі Жерде жасалған, жалған» десті. Әрине, өзге елдің жетістігін көре алмаушылық... Егер олардың Айға ұшуы өтірік болса, КСРО барлау орындары оны бірден ашар еді. Өйткені сол тұста ғарышты игеруде екі алып елдің арасында үлкен бәсеке, дүбірлі дода туындап тұрған. Бірін-бірі аңдулы еді. Екіншіден, америкалық ғарышкерлер Ай бетінен алып келген топырақтың Кеңес елінің ұшу аппараттары әкелген топырақпен құрамы бірдей. Демек, олар Айға қонған. Сонда «Ғарышкерлер Айға қонған жоқ» деген дау қайдан туып отыр? Оның да жөні бар көрінеді. АҚШ ғарышкерлері Айды айнала ұшқан. Қонған. Үлкен сенсациялық жаңалықты да ашқан. Елсіз мекен дейтін Айда тіршілік бар екенін анықтаған. Содан болар, Айдың бетін тұңғыш таптаған ғарышкер «біз сіздерге жердегі адамзат атынан бейбіт мақсатта келдік» деген тақтаны тастамас еді. Тіршіліксіз мекенге не үшін ондай жазуы бар тақта қалдырады? Демек, Айдың «қожайы­ны» болғаны ғой. Бұған дейін де ғарышты зерттеушілер Айдың бетінен белгісіз үлкен нысандарды байқағанын айтқан. Белгісіз ұшатын табақшалар талай мәрте «Аполлон» ғарыш кемесін аңдығаны, қал­май ұшып отырғаны жөнінде деректер жеткілікті. Демек, белгісіз тіршілік иелері АҚШ ғарышкерлері Айға қонғаны мен, ешқандай суретке түсіруге мүмкіндік бермегенге ұқсайды. Сондықтан реті келіп, Айда түсірілген суреттер өте құпия сақталып, амалсыз, Жерде ғарышкерлердің Айдың үстінде емін-еркін, қауіпсіз жүргені жөнінде суреттер түсіріліп, фильмдер жасалып, халыққа ұсынылуы әбден мүмкін. Демек, Айды зерттеуге арналған АҚШ-тың «Аполлон» бағдарламасы толықтай өзін ақтамаған. Амалсыз желге ұшқан қаржыны жабу үшін һәм әлем халқы алдында масқара болмас үшін әлгіндей қадамдарға баруға тура келген. Ал өтіріктің сыры жұртқа мәлім болып қалмас үшін, бір жылдың ішінде «Аполлон» бағдарламасымен айналысқан 11 адам белгісіз себептермен көз жұмған. Демек, бұл жерде бір құпия жатуы әбден мүмкін. Шетел зерттеушілерінің келтірген дәйектеріне қарасақ, Айды зерттеу барысында АҚШ ғарышкерлері 140-150 мың түрлі құпия суреттер түсірген. Бірақ олар өте құпия сақтаулы көрінеді. Мәселен, НАСА-ның құпия суреттерін көруге мүмкіндік алған Джордж Леонард өз жазбаларында Айда белгісіз тіршілік иелері бар екенін келтірген. «Түрлі құрылыстар, нысандар салынуда. Пирамидаға ұқсас ғимараттар, мұнаралар бар. Белгісіз тіршілік иелері Айдағы пайдалы қазбаларға зерттеулер жүргізіп жатқан секілді» дейді Джордж Леонард. Өйткені суреттердегі көріністер соны бейнелейтін секілді. Ол осындай тұжырымда. Америка уфологы Фред Стеклинг өзінің кітабында: «Бұған дейін бізге Айдың бетінде тіршілік жоқ деп түсіндіріп келді. Ал шын мәнісінде, басқаша. Ол жерде технологиялық дамуда адамзатты артқа тастап кеткен өркениет иелері бар» дейді. Және нақты деректерді алға тартады. Тіпті 1970 жылы телескоп арқылы ұзындығы 22 шақырым, көлденеңі 5 шақырым болатын сигарға ұқсаған белгісіз үш нысанды көрген. Олар Ай бетінде бірнеше сағат болып, белгісіз қиырға ұшып кеткен. Ол аз десең, жапон астрономы телескоп арқылы Айдың бетінен ұзындығы 20 шақырым болатын ұшатын нысандарды байқаған... Демек, біздің Күн жүйесін белгісіз тіршілік иелері өз пайдаларына жаратуға ұмтылып жатқанға ұқсайды... Қалай айтсақ та, әлі күнге ресми түрде Айда тіршілік бар не жоқ екенін айтқан ешкім жоқ. Бар болса да халық ара сында әбігер тудырмас үшін жа сырын ұстап отыруы да мүмкін- ау...
  Айға осы уақытқа дейін 30-ға тарта адам қонған және Айда тек қана АҚШ-тың туы, лунаходы бар және оларды үнемі спутник арқылы бақылап отырады. АҚШ-тың бір музейінде Айдың топырағы бар. АҚШ-тың Айға қонғаны дәлелденді.

+1

2

Azamatkz значит бар екен!

0

3

Ай туралы көп нәрсе бiлдiк Azamatkz мә +1.

+1

4

Make Kz написал(а):

Ай туралы көп нәрсе бiлдiк Azamatkz мә +1.

рахмет, сағанда +1

0

5

По идее видеосында АКШтын туы жел согып желбиреп турады, бырак баримиз билетындей Айда ауа жок ягни жел жок)))))))))))

0

6

АҚШ-тың Айдаға лунаходтарын өздерінен басқа, қазір Жапония, Ресей және Европа елдері бақылауда.

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » Флуд » Ай