Форум "ASH ҚaZaҚ Pro"

Объявление

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » ASH ҚaZaҚ Pro MUSIC » ШYNGYS - Олдскул (Ж.Ж.)


ШYNGYS - Олдскул (Ж.Ж.)

Сообщений 1 страница 20 из 38

1

ШYNGYS - Олдскул
http://savepic.org/3418877.jpg
Бүгін 8 мамыр - ШYNGYS'тың туылған күні. Осы ерекше күнге орай ШYNGYS сіздерге сый жасап жатыр. Бұл тректе ШYNGYS өзінің 2007 жылдан осы уақытқа дейінгі шығармашылық тарихы жайлы баяндайды.

Автордан: "Бұл тректі мен менің өмірімде өшпес із қалдырған бауырларым - Бауыржан Sarmakham, Әлібек Ali NayMan, Жанат JAN'ға арнаймын! Сендерге мәңгі құрмет!"

Жуырда шығатын үлкен «Ж.Ж.» альбомынан…
Альбомның атауы әзірге құпия…

Трек: http://rghost.ru/45858841


Әннің мәтіні:

Олдскул, қазақша «ескі мектеп»,
Қазақшасы құлағыма ерсі естілед.
Ностальджи, брейкданс би,
Рэп мен үшін Тупак емес, БадБи.

Децл, Шеффтің мәтіндерін жаттап,
Айнаға қарап, қимылдарын қайталап.
Иә, жұлдыз болуды мен армандадым,
Арман қуып рэпті орыс тілінде бастадым.

Хип-хоп иджей, өз өзіме диджей,
Сұмдық акцентіме көңілімді бөлмей.
«Жүйеге қарсылық» болды өте сәнді ұран,
«Көшенікімін» дедім мен еш ұялмастан.

Ол кезде болды түсініктер мынандай:
Брейк билей алмаған рэпер бола алмайд.
Күндіз мектепте, кешке брейкпен,
Рэпіміз өте нашар болса да шын жүректен.

Хип-Хоп киім іздеп, базарларды аралап,
Достар үшін болдым рэперсымақ-сайқымазақ.
Құлағымда рэп, қалтамда кассеталық плеер,
Айналамнан болмады түсіністік бір түйір.

Берілмедім, іздей бердім өзіме ұқсасты,
Рэп-топ құруға тарттым мен сыныптасты.
Бірақта мұнымнан ештеңе шықпады,
Сыныптасым рэпті бастамай жатып тастады.

Мектепті аяқтадым, түстім Алматыға,
Парада Бауыржан отырды көрші партада.
Достасып пайда болды ортақ мақсаттар,
Қазақ рэпте Сармахамды танымайтын кім бар?

Орындамасада ол рэпті,
Қазақ рэпке сыйлады жаны мен жүректі.
Қаншама рет, өзімді мен атасамда Хан,
Қазақ рэпке хан мен емес Сармахам хан.

Кейін ол мені сыныптасымен таныстырды,
Орысша оқиды талай тербеген Ақтауды.
ДжиНайс а.к.а Жан, құрмет оған,
Себебі ол мені қазақ рэпке отырғызған.

Ақымақ болып айтуға тырыстым орысша,
Ол айтты маған: Брат, попробуй қазақша.
Жатын бөлмем тұрмын микрофонның алдында,
Жанат пен Бауыржан қарқылдап тұр артымда.

Естідім универде болып жатыр фестиваль,
Рэпімді тыңдатайын бағымды сынайын.
Алайда өтпей қалдым мен іріктеуден,
Әділ қазыларға күлкі сыйлап рэпіммен.

Қатысқан болатын онда менімен бірге
Ашердің әнін айтып, рнб билеп.
Әділ қазыларға ұнаған,
Мақтау қағазын алған әйгілі АлиНайман.

Танысып, достасып, бауыр басып,
Төрт жігіт әлемді алақанға қысып.
Көздеріміз жалындап армандарға ұмытылып,
Жол жөнекей шарықтадық кейде ұтылып.

Осылай жәй, ақырын асықпай,
«Аш Қазақ» пайда болды уақытымыз зулай.
Бірінші альбом «Қазақ рэпінің ханы»,
Қуып жазып едім, қазір өмір мәні.

Қазір бәрі басқаша мүлдем өзгерді,
Айнадан көрмеймін жалындаған көздерді.
Бұрынғыдай қуаныш сезімі жоқ мүлде,
Альбомдарымды көргенде сөрелерде.

Жанкүйерлер тіпті танығанда көшеде,
Үйреншікті жағдай бақытты бермейдіде...
Сары сағыныш бойымды билейді кейде,
Оралғым келеді баяғы өткен күндерге.

Алғашқы сахына, аяқтарым дірілдеп,
Бірақ көрсетпеймін, болдым көкірек.
Қазір болса шаршатады сахына,
Бірақта рух аламын фанаттар дауысынан.

+4

2

Міне сыйлық:)) Бірақ трэклисты жоғы жаман болды(

0

3

О базар жок

0

4

Созинде турды,мине азамат

0

5

Трек базар жоқ. Осындай тректер тыңдамағалы көп болды. Шаке, туған күніңмен!

0

6

Базар жоқ трек...

0

7

Шынғысхан...
Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!

+1

8

Norm track eken!

0

9

seeeeexxxxxxkooooooi

0

10

bazar jok

0

11

Базара нет. Сонда админ олдскул деген рэпте қандай бағыт? Не ерекшелігі бар?

0

12

Базар жоок Базар жоок!!!

0

13

jaman emes

0

14

Жумонг написал(а):

Базара нет. Сонда админ олдскул деген рэпте қандай бағыт? Не ерекшелігі бар?

Олдскул, қазақша «ескі мектеп», деп жазылып тұрғой

0

15

Братан откен туган кунинмен! Улкен курмет саган,звондасам алмайсынго? трэк реально шыккан,базар жок!

0

16

Бул текстты хан хикаяты 1 серияда айтты го))) басын

Отредактировано Ержан (09.05.2013 16:49:37)

0

17

DaMuR написал(а):

Олдскул, қазақша «ескі мектеп», деп жазылып тұрғой

ой шешес жанрын сұрап тұрм, мысалы рэпрезент дегендей

0

18

OldSchool

0

19

Туылған күнін құтты болсын!!! Өтіп кеткен!!!

0

20

keremeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeet TRACK)))))SOOLYA RAPTEN KETPEKSHIII BLYAAA KETPESHI DEP JAZAIIK OGAN KETPEITIN SHIGAR(

0


Вы здесь » Форум "ASH ҚaZaҚ Pro" » ASH ҚaZaҚ Pro MUSIC » ШYNGYS - Олдскул (Ж.Ж.)