Футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі аяқталып, жеңімпаз анықталды.
Ойынның бірінші таймында есеп ашылмаған. Ал екінші таймның басында әріптестерінен тамаша пас алған Сергей Хижниченко есеп ашты. Бұл есеп ойын соңына дейін сақталып, «Шахтер» биылғы жылғы кубокты иеленді. Осылайша, Қарағанды командасы келер жылы өтетін Еуропа лигасының іріктеуі сынына жолама алды.
Матчты УЕФА президенті Мишель Платини, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.